[Almaty.ws - Первая Блог Платформа Алматы ]
Главная » 2013 » Август » 14
Тіл деген ұзын қашау бар
Шашырап шығар шашау бар
Ет емес өтер сүйектен
Шыдамас тілге асаулар

Тіл деген қайрақ егеу бар
Пайдалысын елеу бар
Тілдің майын ағызар
Безілдетер безеу бар
Тіл сүйексіз дегендей
Асып кетпеу тежеу бар

Сөзіңді тындар нөпір бар
Тіл деген көпір бар
Үлттық тілде үн қағаз
Ана тілін оқыңдар!

Ана тілің ақ сүтің
Оған керек көп күтім
Көсіп, көсіп сөйлесең
Ұғасыңдар тәттісін

Ана тілім қаруым
Ардақтаған аруым
Өзіңменен қайтарам
Ішкі дерттің ауруын

Ана тілім шипалы
Ешқандай жоқ кипаңы
Удай ашып дызылдар
Шала қазақ шиханы

Ана тілім пайдалы
Маңдайда бар айдары
Арын арлап жазары
Ұрпақ қамы ел қамы

Ешкім етпес келеке
Бас бәйгесі сенікі
Тасқаладан мың сәлем
Тілдің иесі Мереке (Құлкенов)

Ешқандай жоқ ... Читать дальше »
Категория: Мои стихи | Просмотров: 51120 | Добавил: freeman | Дата: 13.08.2013 | Комментарии (0)